Қазақстан Республикасының әр-түрлі аумақтарындағы шошқа популяцисы арасындағы тұмау вирус айналымы (2018-2019 ж.)

Авторлар

  • N. S. Ongarbayeva әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы
  • N. G. Klivleyeva «Микробиология жəне вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, Алматы, Казахстан
  • N. T. Saktaganov «Микробиология жəне вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, Алматы, Казахстан
  • M. K. Kalkozhayeva «Микробиология жəне вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, Алматы, Казахстан
  • T. I. Glebova «Микробиология жəне вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, Алматы, Казахстан
  • G. V. Lukmanova «Микробиология жəне вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, Алматы, Казахстан
  • A. M. Baimukhametova «Микробиология жəне вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, Алматы, Казахстан
  • M. K. Mustafin Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Қостанай қ.
  • Sh. G. Yerdenov Қостанай ғылыми-зерттеу ветеринария станциясы, Қостанай қ.
  • B. M. Mustafin Қостанай ғылыми-зерттеу ветеринария станциясы, Қостанай қ.
  • G. Kh. Оspanov "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Абай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі 6Əулие Яһуда атындағы балалар зерттеу емханасы, Мемфис, АҚШ
  • R. J. Webby Əулие Яһуда атындағы балалар зерттеу емханасы, Мемфис, АҚШ

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb-2019-3-b7

Аңдатпа

2018-2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының жеті облыстарындағы шошқа шаруашылықтарындағы 2-6 айлық жануарлардан 1104 танаұ-мұрын сынамасы және 39 қан сарысуы жиналды.

1104 сынаманы полимеразды тізбекті реакциясында вирусологиялық зерттеу кезінде 26 сынамада (2,36%) А тұмау вирусының генетикалық материалы анықталды. Субтиптеу кезінде A/H1N1 тұмау вирусы 1,45% сынамада, A/H3N2 тұмау вирусы 0,54% сынамада, ал А/H1sw2009 тұмау вирусы 0,36% анықталды.  

Вирусологиялық зерттеулер нәтижесінде Солтүстік - Қазақстаннан жиналған  биосынамалардан, РТ-ПТР-ында, ГАТР және НБИР-ында А/Н1N1 тұмау вирусы болып анықталған үш изолят тауық эмбриондарында бөлініп алынды. 

39 қан сарысуын гемагглютинин тежеу реакциясында серологиялық зерттеу нәтижесінде бір (2,56%) сынама титрі 1:40 ара-қатынасында  А/swine/Iova/15/30 (HSW1N1) тұмау вирусына оң нәтиже берсе, үш сынама (7,69%)  қан сарысуында титрі  1:20-1:40 ара-қатынасындағы A/California/04/09 (А/Н1N1pdm) тұмау вирусына оң нәтиже көрсетті. A/Panama/2007/99 (H3N2) тұмау вирусына титрі 1:20-1:40 ара-қатынасында 9 қан сарысуына оң нәтиже берді.     

Қан сарысуларын иммуноферментті талдауда алты сынамада (15,38%)  A/H3N2 тұмау вирусының антиденелері анықталды.

Биосынамалардан полимеразды тізбекті рекциясында, гемегллютинин тежеу реакциясында, сонымен қоса иммуноферментті талдауда алынған нәтижелер Қазақстандағы шошқа популяциясы айналымы А/Н1N1, A/H3N2 және А/H1sw2009 тұмау вирустары болғандығын айқындайды, және жануарлар арасындағы эпизотияның этиологиялық агентін уақытылы анықтау үшін мониторинг зерттеулер жұмысын жүргізу керектігін көрсетеді.   

 Кілтті сөздер: вирус, тұмау, антиген, қан сарысуы, антидене, мониторинг, айналым

Жүктеулер

Жарияланды

2020-10-15

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары