Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің дендробионтты жартылай қаттықанаттылары (heteroptera) (Оңтүстік-шығыс Қазақстан)
DOI:
https://doi.org/10.26577//eb.2020.v83.i2.13Аңдатпа
Мақалада Шарын МҰТП территориясында 2019 жылы жүргізілген далалық ғылыми зерттеулер нәтижелері беріліп отыр. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жартылай қаттықанаттылардың 10 тұқымдасына жататын 65 түр анықталып отыр: Nabidae (8 түр), Anthocoridae (9 түр), Reduviidae (3 түр), Miridae (24 түр), Aradidae (2 түр), Lygaeidae (1 түр), Coreidae (2 түр), Tingidae (3 түр), Acanthosomatidae (4 түр), Pentatomidae (10 түр). Олар қоректік байланысы жағынан зоофагтар (29 түр), зоофитофагтар (11 түр), фитофагтар (23 түр) және мицетофагтар (2 түр) болып бөлінеді. Шарын МҰТП жартылай қаттықанаттылары жылына беретін ұрпақ санына қарай 4 топқа бөлінеді: моновольтинді (44 түр), бивольтинді (11 түр), поливольтинді (7 түр), ациклді (2 түр), 1 түрдің беретін ұрпақ саны белгісіз. Зерттеу аймағындағы дендробионтты түрлер келесідей экологиялы топтарға бөлінеді: мезофилдер (98%), ксерофилдер (2%). Шарын МҰТП дендробионтты жартылай қаттықанаттыларының ішінде 36 түр (56%) ересек дарасы күйінде, 3 түр (4%) ересек дарасы, дернәсілі күйінде, 2 түр (3%) дернәсілі күйінде, ал 24 түр (37%) жұмыртқалары күйінде қыстайды. 2 түр - Arma custos (Fabricius, 1794) и Zicrona caerulea (Linnaeus, 1758) Алматы облысының Қызыл кітабына енгізілген.
Түйін сөздер: дендробионтты жартылай қаттықанаттылар, Шарын ұлттық табиғи паркі, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан.








