Тұмау вирусының гемагглютининінің бірінші бөлігінің ақуыздық препаратын алу

Авторлар

  • A. U. Issabek Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, қтқ. Гвардейский
  • S. O. Sadikalieva Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, қтқ. Гвардейский
  • E. D. Burashev Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, қтқ. Гвардейский
  • O. V. Chervyakova Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, қтқ. Гвардейский
  • M. M. Kassenov Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, қтқ. Гвардейский
  • K. T.` Sultankulova Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, қтқ. Гвардейский

DOI:

https://doi.org/10.26577//eb.2020.v83.i2.11

Аңдатпа

Қазіргі уақытта құс тұмауының жоғары патогенді вирусының эпизоотиясының бүкіл әлемде таралуы өте үлкен алаңдаушылық тудырады. Тұмау вирусы аса жоғары генетикалық өзгергіштікке ие. Жаңа штаммдардың пайда болуы үлкен эпидемия тудыру мүмкіншілігі өте жоғары болып табылады. Тұмау вирусының эволюциясы өте тез жүреді, сол себептен қазіргі таңда зерттеушілердің басты міндеті тұмау вирусының гемагглютининнінің түрлерін антигендік карталандыру, сонымен қатар антигендік құрылымының сипаттамаларын анықтау болып табылады. Рентгендік кристаллография әдісі ақуыздың құрылымын анықтауда жиі қолданылатын әдіс болып саналады.

Жұмыстың мақсаты - Escherichia coli жасушалары негізінде бактериалды экспрессия әдісін қолдана отырып, тұмау вирусының гемагглютининнінің бірінші бөлігінің рекомбинантты ақуызын алу және одан әрі оның үш өлшемді құрылымын анықтау болып табылады.

Зерттеулер нәтижесінде гендік нуклеотидтер тізбегі бар тұмау вирусының гемагглютининнінің бірінші бөлігінің ақуызын кодтайтын плазмида Escherichia coli жасушаларының ER2566 штамына енгізілді. Металл-афиндік хроматография арқылы рекомбинантты ақуызды тазартуға оңтайлы жағдайлар жасалды. Ақуызды тазарту деңгейі кем дегенде 95% құрады. Алынған рекомбинантты ақуыз әрі қарай кристаллография және ақуызды үш өлшемді модельдеу үшін қолданылады.

 Түйін сөздер: құс тұмауы вирусы, гемагглютинин, экспрессия, рекомбинантты ақуыз.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-07-13

Журналдың саны

Бөлім

ГЕНЕТИКА ЖӘНЕ МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары