Little-known species of rust fungi in Trans-Ili Alatau: biology, location and host plants range
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb-2018-4-1360Аңдатпа
Іле Алатауының тат саңырауқұлақтары туралы мәліметтер жеткіліксіз және ескірген (әсіресе, таксономиялық түрлерге қатысты). Сондықтан да, зерттеудің мақсаты Іле-Алатауы ұлттық саябағы аймағындағы аз зерттелген тат саңырауқұлақтары түрлерін және олардың иелік өсімдіктерін анықтау, биологиясы мен табылған жерлерін сипаттау болып табылады. Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы тат саңырауқұлақтарының аз зерттелген түрлерінің жаңадан анықталған жерлері туралы мәліметтерге негізделеді, бұл деректер, иелік өсімдіктерінің дамуы мен көбеюінде үлкен маңызға ие. Мақала материалдары ретінде авторлардың зерттеу аймағы бойынша жүргізілген жеке жинақтары (гербарийлері) қолданылды. Препараттарды дайындау стандартты әдістер бойынша жүргізілді. Үлгілер Polyvar фотомикроскопында Номарский интерференциялық оптикасының көмегімен суретке түсіріліп, зерттелді.
Мақалада Іле Алатауы бойынша аз зерттелген 7 тат саңырауқұлақ түрлерінің бірегей сипаттамасы, нақты табылған жері, иелік өсімдіктері және жеке құрылымдарының микросуреттері келтірілген: Pucciniastrum pyrolae - Pyrola rotundifolia және Moneses uniflora өсімдіктерінде; Pucciniastrum goodyerae - Goodyera repens; Hyalopsora polypodii - Cystopteris fragilis; Puccinia atragenicola - Atragene sibirica; Micropuccinia retecta -Anemonastrum protractum; Puccinia thesii - Thesium alatavicum; Puccinia mougeotii - Thesium alatavicum өсімдігінде. Анықталған 7 түрдің ішінде Puccinia atragenicola, Micropuccinia retecta және Puccinia mougeotii түрлері ғана сирек кездесетін түрлер қатарында. Ал, Puccinia mougeotii түрі басқа аймақтарда да сирек кездесетін түр болып табылады. Pucciniastrum pyrolae және Pucciniastrum goodyerae түрлері анағұрлым жиі кездеседі, бірақ иелік өсімдіктері көлемінің кіші болуына байланысты зерттеушілерге байқалмай қалып жатады, сондай-ақ, саңырауқұлақпен зақымдалу дақтары жапырақтарының төменгі бетінде орналасқан. Cystopteris fragilis өсімдігіндегі Hyalopsora polypodii түріне келсек, иелік өсімдігінің тіршілік ортасына (тастардың асты) байланысты микологиялық зерттеу кезінде саңырауқұлақ сирек жиналады. Жүргізілген зерттеу жұмыстарының ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы тат саңырауқұлақтарының аз зерттелген түрлерінің жаңадан таралу аймағына қатысты алынған мәліметтер болып табылады.
Түйін сөздер: Іле Алатауы, Іле Алатауы ұлттық саябағы, табылған жері, иелік-өсімдік, тат саңырауқұлағы, телиокезеңі, урединиокезеңі, эциокезеңі.








