Қазақстандағы жедел респираторлық вирустық инфекциялардың және тұмау вирустарының айналымы
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb-2018-2-1334Аңдатпа
Жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) және тұмау бүкіл әлемдегі, соның ішінде Қазақстанда да, ең өзекті медициналық және әлеуметтік-экономикалық проблемалардың бірі болып қалып отыр. Осы мақалада Қазақстанда ЖРВИ және тұмау аурушаңдықтың ұзақ мерзімді 2000-2001 жж. эпидемиялық маусымнан бастап 2016-2017 жж. маусымға дейін динамикалық түрде статистикалық деректер қарастырылған. 2016-2017 жж. эпидемиялық маусымның тұмау вирусы айналымы бойынша эпидемиологиялық мониторинг деректері зерттелген. Сипатталған 2016-2017 жж. эпидемиялық маусым алдыңғымен салыстырмалы түрде қарағанда ертерек басталғаны анықталды – ең жоғары ЖРВИ аурушаңдығы 2016 ж. 50 аптасында (100 мың тұрғынға 118.9 жағдай) және 2017 ж. 02 аптасында (100 мың тұрғынға 192,7 жағдай) байқалды. ПТР диагностика жолымен тұмау вирустарының A H3N2 және В-тармағының айналымы анықталған және эпидемиялық маусымның басталуы (44 апта) В тұмау вирусының жоғары белсенділікпен байланысты болса, оның аяқталуы – A H3N2 үстемдік болды (18 апта). Айтарлықтай, осы маусымның тағы бір ерекшелігі – тұмауының вирусы А H1N1 pdm09 мүлдем анықталған жоқ. Адамдардан оқшауланған тұмау штамдарының генетикалық талдауы олардың вакциналық A/Hong Kong/4801/2014 және В/Brisbane/60/2008 штамдармен ұқсастығын көрсетті. Тұмау вирустары гендерін секвендеу арқылы зерттелген барлық штаммдар вирусқа қарсы препараттарға сезімталдық бар екенін көрсетті.
Түйін сөздер: тұмау вирустары, ПТР, генетикалық талдау, секвендеу, вирусқа қарсы препараттарға сезімталдық, тұмаумен маусымдық аурушаңдық, ЖРВИ маусымдық аурушаңдық.








