Құрамында көміртегі бар табиғи және техногенді биоактиватор – Көксу шунгиті негізінде мұнаймен ластанған торпырақтың биоремидиациясы

Авторлар

  • B. K. Yelikbayev Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • U. Sh. Mussina «A-ExpertGroup» ғылыми-диагностикалық орталығы» ЖШС, Қазақстан, Алматы қ.
  • G. A. Jamalova «A-ExpertGroup» ғылыми-диагностикалық орталығы» ЖШС, Қазақстан, Алматы қ.
  • G. Sh. Mussina «A-ExpertGroup» ғылыми-диагностикалық орталығы» ЖШС, Қазақстан, Алматы қ.
  • A. N. Toganbai Satbaev University, Қазақстан, Алматы қ.
  • L. S. Kurbanova Satbaev University, Қазақстан, Алматы қ.
  • S. O. Sarsenbaev Satbaev University, Қазақстан, Алматы қ.
  • M. A. Sybanbaeva Satbaev University, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/EB-2017-4-1309

Аңдатпа

Мұнай төгінділерін, мұнай қалдықтарын және басқа да төтенше жағдайларда рұқсатты және рұқсатсыз орналастыру нәтижесінде, қоршаған ортаны ластау қаупі бар мұнай өндіретін кәсіпорындар үшін мұнаймен ластанған топырақты қалпына келтіру өзекті мәселе болып табылады. Топырақ және техногенді топырақтың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануын төмендету және жою әдістерінің қатарында микробиологиялық, агрофио-мелиоративті және басқа да жоғары сапалы мұнай сорбенттерімен топырақты тазалау әдістері ең тиімдісі болып келеді. Мұнаймен ластанған топыраққа арналған перспективалық дәстүрлі мелиоранттар -  қоңыр көмір мен шунгит болуы мүмкін, олар бір мезетте токсиканттардың тиімді сорбенттері және топырақтың көмір-гуминді тыңайтқыштары - биоактиваторлар болып табылады.

Зерттеудің негізгі мақсаты мұнаймен ластанған топырақты құрамында табиғи және техногенді көміртегі бар биоактиватор - көксу шунгиті негізінде биоремедиациялау процесін зерттеу.

Алғаш рет Маңғыстау аймағындағы «Оңтүстік Елемес» мұнай кен орнынан алынған топырақты мұнай шикізатынан тазарту процесіне табиғи биоактиватордың (мусковит-кварц-көміртекті сланеці болып табылатын кокс шунгиті) және техногендік биоактиватордың (коксты шунгит және мұнайдың термомоторлы механикалық қоспасы) әсеріне  ғылыми зерттеулер жүргізілді, сонымен қатар мұнай көмірсутектерінен топырақты тазалау процесіне әсер ететін факторлар анықталды.

Экспериментке іріктеп алынған топырақ үшін микробиоценоз және мұнайдың  физика-химиялық сипаттамалары зерттелді. Эксперименттік топырақ үлгілері рұқсат етілген нормативтен шамадан тыс жоғары мөлшерде, ШРК 88.1, қауіпті экологиялық күйде мұнаймен ластанған. Екі нұсқалы тәжірибеден тұратын моделді эксперимент жүргізілді: тәжірибенің бірінші нұсқасында табиғи биоактиватор - минерал (сланецті шунгит), тәжірибенің екінші нұсқасында - техногендік биоактиватор (600 оС градусқа дейін коксу шунгитімен және мұнайдың механикалық қоспасымен термоактивтелген) пайдаланылды.

Мұнаймен ластанған топырақтың биоремедиациясы процесіне шунгит пен термофилді режимді қолдану оң әсер етеді, яғни жоғары тазарту пайызына қол жеткізілді - 97,3%. Зерттеудің нәтижелері Маңғыстау облысындағы «Елемес Оңтүстік» мұнай кен орнындағы мұнаймен ластанған топырақты биоремедиациялау әдісін Қазақстандағы жалғыз өндірістік игерілген кен орны - «Көксу» тау-кен-рудалық компаниясының тауарлық өнімі болып табылатын, кокс шунгитінің көмегімен биоактиваторды пайдалану әдісін әзірлеуге мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-06-23

Журналдың саны

Бөлім

МИКРОБИОЛОГИЯ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары