Солтүстік Қазақстанның техногендік ластану жағдайына ұсақ сүтқоректілердің қоныстануы (Павлодар қаласы мысалында)
DOI:
https://doi.org/10.26577/EB-2017-4-1299Аңдатпа
Мақалада 2016-2017 жылдардың жазғы мезгілі аралығындағы Павлодар қаласының өндірістік аймағының ұсақ сүтқоректілерінің таралуы бойынша мәліметтер берілген. Ұсақ сүтқоректілер қауымдастығының әр түрлілігі негізінде басты құрылымдық көрсеткіштеріне, техногендік жүктеме жағдайындағы экожүйелердің биоиндикаторлары ретінде, бақылау аумақтарын салыстыру арқылы талдау жүргізілді. Зерттеу барысында салыстыру аумақтарында ұсақ сүтқоректілердің 19 түрін тіркедік. Техногендік жүктеме аймағында 15, бақылау аумағында 13 түр, ал бір мезгілде екі аумақта тоғыз түрлі ұсақ сұтқоректілер тіркелген. Техногендік аумақтарда негізінен екі түрі басымдылық танытады – бас миы тар сұртышқан және қыр тышқаны. Бақылау телімінде едәуір басымдылықты бас миы тар сұртышқан сонымен қатар тундралы, кіші және кәдімгі – жертесер, сонымен қатар шағын тышқан танытады. Бас миы тар сұртышқанның морфометриялық сыртқы көрсеткіштерінің популяция аралық өзгеруі зерттелген. Талдау техногендік жүктеме аймақтарда жануарлардың салмағы және дене ұзындық көрсеткіштері мен өлшемдерінің төмендеу заңдылығын көрсетті. Техногендік жүктеме аймағында ландшафттардың қатты антропогендік трансформациясы және мекендеу орындарының айтарлықтай фрагменттелуі ақыр соңында бас миы тар сұртышқанның динамикасы мен тұрақты популяциясына әсер етеді. Нәтижесінде көптеген аңдар қоңыс аударуларға және келісті шекаралық қонысорындарға қоныстану қабілеттіліктерін жояды және жергілікті популяция құрайды.








