Батыс Қазақстан облысы шегінде Жайық өзенінің алабының жайылма ормандар флорасына тарихи талдау
Кілт сөздер:
тарихи талдау, флора, жайылма ормандар, өзен алабы, Жайық өзені, Батыс Қазақстан облысы, экологиялық-тарихи свиталар.Аңдатпа
Жайық өзені және оның салаларының алабында Батыс Қазақстан облысы бойынша ең үлкен орман алқаптары орналасқан, бұл олардың табиғат қорғау құндылығын арттырады. Қазіргі уақытта облыстың орманмен қамтылуы аймақтың 0,6% құрайды.
Жайық өзенінің алабындағы жайылма ормандар флорасы түрлік байлығының жоғары деңгейімен сипатталады. Зерттеу аймағында нақтыланған деректер бойынша73 тұқымдасқа және 309 түрге жататын 630 түтікті өсімдіктердің жабайы өсетін түрі анықталды.
Жайық өзенінің алабының флорасын құраушы барлық өсімдіктер экологиялық-тарихи өсімдіктердің ірі тобы – свитаға топтастырылды. Свиталарды анықтағанда түрлердің қазіргі таралу сипаты, олардың ценотикалық кездесуі, жекелеген түрлердің генетикалық байланысы, даму ритмі және бірлестіктегі түрлердің тіршілік деңгейі ескерілді.
Зерттелген ауданда 14 экологиялық-тарихи свита бөлінді. Экологиялық-тарихи свиталардың басым түрлеріне шалғындық (92; 14,6%), шалғындық-далалық (85; 13,5%) және антропогендік (83; 13,2%) свитаның өкілдері жатады. Ал қалған свитаға жататын түрлердің үлесі мардымсыз. Жайық өзені әлі де орман ядросы сақталған рефугиум болып саналатынын атап өтуге болады.
Жүргізілген экологиялық-тарихи талдау нәтижелері, біріншіден, жайылма ормандарда неморальдық ядроның сақталуын, ал екіншіден Жайық өзенінің алабындағы орман қауымдастықтарында елеулі антропогендік әсер байқалатынын көрсетті.








