Rumex tianschanicus A. Los. полифенолды метаболиттердің компонентті құрамы және биологиялық белсенділігі
Кілт сөздер:
Rumex tianschanicus A. Los.; антоцианидиндер; антрахинондар; кумариндер; флавоноидтар; антибактериалды белсенділік.Аңдатпа
Мақалада Rumex L. туысы өсімдігінің жеке заттары мен фитопрепараттар жиынтығының биологиялық белсенділігі бойынша мәліметтерді талдау негізінде қымыздықтың қазақстандық түрлерін зерттеудің өзектілігі көрсетілген. Полифенолды типті фитопрепараттарды алу үшін шикізат ретінде тяньшань қымыздығын қолданудың перспективалылығы дәлелденген. Rumex tianschanicus A. Los. өсімдігінің жапырақ, сабақ және тамырларындағы антоцианды, антрахинонды, кумаринді және флавоноидты метаболиттердің сандық фитохимиялық және сапалық компонентті талдаудың салыстырмалы мәліметтері келтірілген. Өсімдіктің вегетациялық фазасына тәуелді биологиялық белсенді заттардың жиналуы динамикасының ерекшеліктері анықталған. Тяньшань қымыздығынан полифенолды метоболиттерді алудың жетілдірілген методологиясы автлорлармен келтірілген. Аутентті үлгілерді қолдану арқылы Rumex tianschanicus A. Los. өсімдігінің жеке заттарын препаративті ЖЭСХ бөлу мен аналитикалық бақылау жүргізілген. Қымыздықтан алынған 3 антоцианидиндер, 6 антрахинондар, 4 кумариндер мен 7 флавоноидтардың Staphylococcus aureus, Bacillus subtilis грам оң, Pseudomonas aeruginosa, Escherichia coli грам теріс бактерияларға және Candida albicans ашытқы саңырауқұлағына қатысты белсенділіктері зерттелді. Бензилпенициллин натрий тұзының және гентамициннің антибактериалды әсерін арттыру белсенділігін, сондай-ақ нистатиннің саңырауқұлаққа қарсы белсенділігін көрсететін компоненттер анықталды.








