«153Sm-ЭДТМФ, емдеуге арналған ертіндісінің» адамға эквивалентті радиоактивтілігі енгізілген егеуқұйрықтардың қан және кемік сүйектің қызыл майы құрамдары көрсеткіштері

Авторлар

  • O. V. Nietbayeva Қазақ онкология және радиологии ғылыми зерттеу институты, Алматы, Қазақстан
  • М. М. Mashrapova С.Ж. Асфандияров атындағы Қазақтың ұлттық медицина университеті, Алматы, Қазақстан
  • А. B. Kunanbayeva С.Ж. Асфандияров атындағы Қазақтың ұлттық медицина университеті, Алматы, Қазақстан
  • Е. Е. Kushmanov С.Ж. Асфандияров атындағы Қазақтың ұлттық медицина университеті, Алматы, Қазақстан
  • G. Zh. Kerimbekova С.Ж. Асфандияров атындағы Қазақтың ұлттық медицина университеті, Алматы, Қазақстан
  • G. B. Мyrzabaeva С.Ж. Асфандияров атындағы Қазақтың ұлттық медицина университеті, Алматы, Қазақстан
  • I. Tazhedinov Қазақ онкология және радиологии ғылыми зерттеу институты, Алматы, Қазақстан

Кілт сөздер:

радионуклидтік терапия, сүйек метастаздары, эксперименттік сынақ, эквивалентная радиоактивность, қан құрамы, қызыл сүйек майы,

Аңдатпа

Сүйектегі қатерлі ісік метастаздарын және сүйек-буын қабынуларын радионуклидтік терапияға арналған Ядролық физика институты (ЯФИ) шығарған отандық жаңа өнім «153Sm-ЭДТМФ, емдеуге арналған ертіндісін» егеуқұйрықтарға сынақтан өткізу. «153Sm-ЭДТМФ, емдеуге арналған ертіндісінің» адамға эквивалентті радиоактивтілігі енгізілген сынақтағы 7 егеуқұйрықтың қан құрамы мен кемік сүйегі қызыл майы көрсеткіштеріне әсері, интактілі бақылаудағы 5 егеуқұйрықтың көрсеткіштерімен салыстыра зерттелді. Егеуқұйрықтардың қан құрамы көрсеткіштерінің медианаларының айырмашылығы салыстырылды. Бақылаудағыларға қарағанда, сынақтардағы егеуқұйрықтарда гемоглобин, қанның түстік корсеткіші, сегментядерлы нейтрофилдер және лейкоцитттер біршама көбірек, ал тромбоциттер, моноциттер және лимфоциттер азырақ болды. Әсіресе, радиацияның организмге әсерін көрсететін негізгі белгісі – тромбоцитопения асқынған. Эритроциттер саны тең. Сынақтағы егеуқұйрықтардың кемік сүйегінің қызыл майында жасушалықтың көбеюі, гемопоэздің өскіндік қатынасының өзгеруі, қызыл өскіннің кеңеюі, дисэритропоэз, мегакариоциттардың көбеюі анықталды. Тромбоциттердің тізбегінің тарқалуы жеткілікті, гемопоэздің түрі өзгеріссіз, бақылаудағы топтағыдай, нормобластық.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

АДАМ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ФИЗИОЛОГИЯСЫ