Батыс Қаратау сайларындағы күмәнді долана (Crataegus аmbigua C.A.Mey.) жемістерінің морфологиялық белгілерін салыстырмалы зерттеу
Кілт сөздер:
күмәнді долана, тұқымдар морфологиясы, ауытқу коэффициенті, тұқымдар индекстері, тұқымдар белгілері.Аңдатпа
Мақалада Маңғыстау табиғи популяциясынан жиналынған күмәнді долана жемістерінің морфологиялық белгілерін зерттеу нәтижелері келтірілген. Морфологиялық белгілерінің өзгергіштігін анықтау үшін ауытқу коэффициенті, тұқымдардың индекстер мен белгілері қолданылды. Зерттелінген әрбір сайларда экологиялық өсу ортасына қарай жеке өзгергіштігінде ауытқулар байқалады. Күмәнді долананың табиғи өскен ортасында жемістеріне жан жақты жүргізілген морфологиялық зерттеулер шаруашылыққа маңызы зор, қоры мол тұқымқуалаушылық өзгергіштік тән формаларды іріктеп, мәденилендіруге мүмкіндік береді.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
БОТАНИКА
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Батыс Қаратау сайларындағы күмәнді долана (Crataegus аmbigua C.A.Mey.) жемістерінің морфологиялық белгілерін салыстырмалы зерттеу. (2016). ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 65(3), 18-24. https://bb.kaznu.kz/index.php/biology/article/view/1091








