ІРІ ҚАРА МАЛЫНЫҢ АУСЫЛҒА ҚАРСЫ САЛЫНҒАН ЕКПЕДЕН КЕЙІНГІ ЗАТ АЛМАСУ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ДИНАМИКАСЫ

Автор(и)

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb202510510

Ключові слова:

аусыл, екпе, ірі қара малы, зат алмасу, егу

Анотація

Бұл мақалада аусылға қарсы екпеден кейін ірі қара малдың ағзасында болатын биохимиялық өзгерістер қарастырылады. Ақуыз, көмірсу мен липидтік алмасуын қоса алғанда, метаболикалық көрсеткіштердің динамикасына ерекше назар аударылды. Екпе егілген сиырлардың биохимиялық жағдайына мониторингтік зерттеулер жүргізудің зат алмасу бұзылыстарын дер кезінде анықтау, оларды түзету және өнімділік денсаулығын сақтау мақсатында өндірістік-практикалық маңызы бар. Белгілі болғандай, метаболизмнің гомеостатикалық бақылауы қоректік заттардың таралуын қамтамасыз ету үшін ақуыз, көмірсулар мен липидтер алмасуын реттейтін эндокриндік жүйенің әсеріне байланысты бүкіл екпе кезеңінде айтарлықтай өзгереді. Бақылау және тәжірибелік жануарлардың сараптама нәтижелері бойынша, бақылау тобында өзгерістер орын алмағанымен тәжірибелік топта зат алмасу өнімдеріне қатысатын кейбір биохимиялық көрсеткіштердің қандағы мөлшері өзгеріске ұшырады. Оған себеп аусылға қарсы екпеден кейінгі жануарлардың қан сарысуындағы биохимиялық көрсеткіштердің өзгерісі уақытша артатындығы анықталды, себебі: ағзада иммундық жасушалардың белсенді қызметімен, иммундық жауаптың қалыптасуымен байланысты. Демек, екпеден кейінгі ірі қара малының биохимиялық көрсеткіштерінде болатын өзгерістер қысқа мерзімдік және оның ағза үшін айтарлықтай әсерінің жоқ екендігі анықталды. Біздің бұл зерттеулер жануарлардың метаболизміне екпенің әсерін бағалаудың кешенді тәсілінің маңыздылығын және осы салада әрі қарай зерттеулер жүргізу қажеттілігін көрсетеді.

Біографії авторів

  • автор Б.И. Жақсымов, афіліація Генетика және физиология институты, Алматы қ., Қазақстан

    Жақсымов Болатбек Исаұлыжаратылыстану ғылымдарының магистрі, Генетика және физиология институтының «Адам мен жануарлардың экологиялық физиологиясы» зертханасының аға ғылыми қызметкері, Алматы қ., Қазақстан, e-mail: bolat_kaz@inbox.ru

  • автор Ш.Қ. Бахтиярова, афіліація Генетика және физиология институты, Алматы қ., Қазақстан

    Бахтиярова Шолпан Қадырбайқызы – биология ғылымдарының кандидаты, генетика және физиология институты «Адам мен жануарлардың экологиялық физиологиясы» зертханасының меңгерушісі, Алматы, Қазақстан,e-mail: bifara.66@mail.ru

  • автор А.Б. Джунусова, афіліація Генетика және физиология институты, Алматы қ., Қазақстан

    Джунусова Айнур Болатовна жаратылыстану ғылымдарының магистрі, Генетика және физиология институтының «Адам мен жануарлардың экологиялық физиологиясы» зертханасының кіші ғылыми қызметкері, Алматы қ., Қазақстан,, e-mail: ainur.a1988@mail.ru

  • автор У.Н. Капышева, афіліація Генетика және физиология институты, Алматы қ., Қазақстан

    Капышева Унзира Наурзбайқызы – биология ғылымдарының докторы, профессор, Генетика және физиология институты «Адам мен жануарлардың экологиялық физиологиясы» зертханасының бас ғылыми қызметкері, Алматы, Қазақстан,e-mail: unzira@inbox.ru

Завантаження

Опубліковано

2025-12-20

Номер

Розділ

ФИЗИОЛОГИЯ ЧЕЛОВЕКА И ЖИВОТНЫХ

Як цитувати