ИТТЕРДІҢ ТҰҚЫМЫН САҚТАП ҚАЛУ ҮШІН ОЛАРДЫҢ ГЕРМОПЛАЗМАСЫН КРИОКОНСЕРВАЦИЯЛАУ ӘДІСТЕРІНЕ ӘДЕБИ ШОЛУ

Автор(и)

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb2025104315

Ключові слова:

иттер, гамета, криконсервациялау, сперматозоид, ооцит, жыныс бездері, криопротекторлар, баяу мұздату, витрификациялау.

Анотація

Соңғы бірнеше онжылдықта үй жануарларының жүздеген экзотикалық түрлері мен тұқымдары жоғалды. Сондықтан қауіп төнген басқа жануарлардың жойылып кетуін болашақта болдырмау үшін және олардың аман қалуын қамтамасыз ету үшін құтқару стратегияларын әзірлеу және оларды қолдану өте маңызды. Жойылып кету қаупі төнген жабайы және үй жануарларының тұқымын сақтап қалудың бір жолы - олардың гаметаларының криобанкін құрастыру болып табылады. Бұл әдеби шолудың мақсаты иттердің (Canis lupus familiaris) гаметалары мен жыныс бездерін криоконсервациялау әдістері туралы жаңа мәліметтер беру. Мұнда криоконсервациялау кезінде  аталған жасушалар мен ұлпалардың құрылысына әсер ететін криозақымдану түрлері және зақымдану әсерлерінен жасушалардың функциональді бұзылыстары мен оларды болдырмаудың стратегиялық тәсілдері қарастырылады. Жасушаларды жеке және ұлпа түрінде криоконсервациялаудың ұқсастықтары мен айырмашылықтары, сондай-ақ криоконсервациялаудың белгілі бір түрін таңдаудың дәлелдемелері мен негізгі принциптері анықталады. Әртүрлі талдау аспектілері мен бұл жануарлардың жасушаларын криоконсервациялаудағы кедергілер мен жақсы нәтиже алынған тұстары талқыланады. Бұл ұсынылған мәліметтер өз кезегінде болашақта осы әдістердің тиімді шешімдерін құрастыру үшін пайдалы болуы мүмкін.

Біографії авторів

  • автор А.С. Сейсенбаева, афіліація Физиология және генетика институты, Алматы, Қазақстан

    Аға ғылыми қызметкер, Физиология және генетика институты (Алматы қ., Қазақстан, *e-mail: S_akerke@mail.ru).

  • автор С.Е. Әбдікерім , афіліація Физиология және генетика институты, Алматы, Қазақстан

    ғылыми қызметкер, Физиология және генетика институты (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: abdikerimse@gmail.com).

  • автор А.Д. Төлебаева , афіліація Физиология және генетика институты, Алматы, Қазақстан

    Магистр, аға ғылыми қызметкер, Физиология және генетика институты (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: tolebaeva_anara@mail.ru).

  • автор G.M. Абылкасымова, афіліація Физиология және генетика институты, Алматы, Қазақстан

    Томск мемлекеттік университетінің аспиранты (Томск қ., Ресей), аға ғылыми қызметкер, Физиология және генетика институты (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: gulyam05@mail.ru).

  • автор А.В. Перфильева , афіліація Физиология және генетика институты, Алматы, Қазақстан

    Биология ғылымының кандидаты, ассоцирленген профессор, аға ғылыми қызметкер, Физиология және генетика институты (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: nastyaper2009@mail.ru).

Завантаження

Опубліковано

2025-12-20

Як цитувати