AЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДАҒЫ "БАУМ ТОҒАЙЫ" ТАБИҒИ ПАРКІНІҢ СУ АЙДЫНДАРЫНАН PELOPHYLAX RIDIBUNDUS КЕШЕНІНІҢ КӨЛ БАҚАЛАРЫНЫҢ АНОМАЛИЯЛАРЫ

Автор(и)

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb202510435

Ключові слова:

урбоценоздар, артқы аяқтардың аномалиялары, ауыз аппаратының аномалиялары, көл бақасы, Pelophylax ridibundus кешені

Анотація

Зерттеудің мақсаты Алматы қаласының «Баум тоғайы» табиғи паркінің су айдындарынан Pelophylax ridibundus кешенінің бақашабақтың сыртқы морфологиясының, метаморфозды және балаусадарақтардың бірқатар белгілерінің аномалиясы мен өзгергіштігін зерттеу болды. Екі таңдамадан 165 дарақтар зерттелді: Басқарасу өзенінің жанындағы батпақты тоған және Үлкен Алматы каналындағы уақытша су қоймасы. Зерттелген таңдамалардың өлшемдік сипаттамалары келтірілген. Екінші таңдамада дарақтардың 2.8% артқы аяқтарының аномалиясы (эктромелия және таумелия, эктродактилия, гетерохрония) болғандығы анықталды. Екі таңдамадағы дарақтар личинкалардың ауыз қуысының аномалиясының жоғары пайыздылығымен сипатталды: бірінші таңдамадағы бақашабақтардың 59.6% және екіншісінде - 67.4%. Ауытқулардың келесі түрлері атап өтілді: 1) тіс қатарларының ажырауы 2) тістердің түсуі; 3) тіс қатарларының толық немесе ішінара кемуі; 4) тіс қатарларының бітісуі; 5) тіс қатарларының қисаюы және деформациясы, 6) тіс қатарының ығысуы және бағытының өзгеруі; 7) мүйізтұмсықты деформациясы.

Алынған көрсеткіштер аномалияның әдеттегі (фондық) пайда болу шегінен, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы табиғи су айдындарынан көл бақалары үшін ұқсас көрсеткіштерден бірнеше есе асып түсті, бұл оларды жаппай санатқа жатқызуға негіз береді. Мақалада ауыз қуысының ауытқуларының жоғары жиілігінің ықтимал себептері талқыланады. Негізгі факторлардың бірі ретінде су объектілерінің химиялық және биологиялық ластану қарастырылады. Тұтастай алғанда, көл бақаларының гибридті популяциясы үшін P. ridibundus антропогендік жүктемесі бар су қоймаларынан бақашабақтардың, метаморфозды және балаусадарақтардың сыртқы морфологиясы белгілерінің өзгергіштігі туралы мәліметтер алғаш рет алынды.

Біографії авторів

  • автор И.И. Арифулова, афіліація ҚР ҒЖБМ ҒК «Зоология институты», Алматы, Қазақстан

    Магистр биологии, научный сотрудник лаборатории орнитологии и герпетологии Института зоологии (Алматы, Казахстан, е-mail: irina.arifulova@zool.kz)

  • автор M.A. Чирикова, афіліація ҚР ҒЖБМ ҒК «Зоология институты», Алматы, Қазақстан

    Кандидат биологических наук, заместитель директора по науке Института зоологии (Алматы, Казахстан, е-mail: marina.chirikova@zool.kz)

Завантаження

Опубліковано

2025-12-20

Як цитувати

AЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДАҒЫ "БАУМ ТОҒАЙЫ" ТАБИҒИ ПАРКІНІҢ СУ АЙДЫНДАРЫНАН PELOPHYLAX RIDIBUNDUS КЕШЕНІНІҢ КӨЛ БАҚАЛАРЫНЫҢ АНОМАЛИЯЛАРЫ. (2025). ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 104(3), 60-74. https://doi.org/10.26577/bb202510435